Үш перзентінен айырылған боксшы Сәкен Бибосын әке атанды

Үш перзентінен айырылған боксшы Сәкен Бибосын әке атанды
Фото: видеодан скрин

Бокстан Әлем чемпионы, Олимпиада ойындарының жүлдегері Сәкен Бибосынов әке атанып, ұлды болды, деп хабарлайды Politico.kz.

Боксшы бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады. Оның айтуынша, бұл қуанышқа жету үшін отбасы талай қиындықты бастан өткерген. Ерлі-зайыпты бұған дейін үш перзентінен айырылған.

«Бұл қуанышқа жеткенше тағдырдың талай сынағынан өттік. Үш перзентімізден айырылдық… Үшеуінің де орны жүрегімізде мәңгі сақталады. Ата-ана үшін баласынан айырылудан ауыр қайғы жоқ шығар… Біз де үнсіз жыладық, іштей күйзелдік. Бірақ Алладан үмітімізді үзбедік. Дұға еттік, күттік, сендік. Сабыр сақтап, Жаратқаннан медет сұрадық. Бүгін сол дұғаларымыздың біріне жауап келгендей…», - деп жазды Бибосынов өзінің Instagram-парақшасында.

Еске салайық, Сәкен Бибосынов Париж Олимпиадасынан кейін бірнеше рет жарақат алып, ірі жарыстардан шет қалды. Жуырда ол омыртқасын ауыр жаралап, қайтадан емделуге мұқтаж болды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу