Президент State Power Investment Corporation компаниясы Директорлар кеңесі төрағасын қабылдады
611
Президент ҚХР-ға жұмыс сапары аясында State Power Investment Corporation (SPIC) компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы Лю Миншэнмен кездесу өткізді.
Әңгімелесу барысында энергетика саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту, соның ішінде жаңартылатын энергия көздеріне негізделген серіктестік перспективасы талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа China Power International Holding еншілес компаниясының Қазақстанда белсенді жұмыс істеп жатқаны жөнінде мәлімет берілді. Соңғы бес жылда Жаңатаста жел энергиясы жобасы жүзеге асырылып, Қарағандыда күн электр станциясы салынды.
Қытайдың ең ірі энергетикалық компанияларының бірі саналатын SPIC корпорациясының басшысы Жамбыл және Павлодар облыстарында жалпы қуаты 1 ГВт болатын жел электр станцияларын салуға қатысты жаңа инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы жөнінде баяндады. Бұл жобаларға бір миллиард доллардан астам инвестиция салынған.
Сондай-ақ Лю Миншэннің айтуынша, компания Қазақстанда ауқымды гидроэнергетикалық жобалар мен бу-газ турбиналарын салу перспективасын зерттеуге ниетті.
Президент еліміздің жаңартылатын энергия саласына үздік халықаралық технологиялар мен тәжірибелерді енгізуге мүдделі екенін атап өтті.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Лю Миншэнді биыл маусым айында өтетін Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды. Соңғы жаңалықтар
05.10.2026
09:43
Таразда 24 жастағы жігітті өлтірді деген күдікт...
05.10.2026
09:29
Жаңа қорғаныс министрі әскери бөлімдерді аяқ ас...
05.10.2026
09:15
Параға планшет пен пеш: Астанада білім саласыны...
05.10.2026
09:05
«Кредиттен кредитке жүреміз»: Роза Әлқожа өнер ...
05.10.2026
08:43
«Басқалар айта алмайды»: Песков Тоқаевтың Путин...
05.10.2026
08:28
«Қасымда болуы тиіс бауырларым енді жоқ»: Каспи...