Прокурор қайын жұртын қырып салған күйеу бала Сәрсемәлиевке қандай жаза сұрады?
1223
Атырау облысында бір отбасының төрт мүшесінің қазасына қатысты сот процесінде мемлекеттік айыптаушы қайын жұртын қырып салған күйеу бала Сәрсемәлиевті өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды Politico.kz.
Мемлекеттік айыптаушы Мирас Бауыржановтың айтуынша, бұл қылмыс қоғамда үлкен қоғамдық резонанс туғызып, бір әулетке орны толмас қайғы әкелген.
«Сәрсемәлиевтің әрекетінің салдарынан бір отбасының төрт мүшесі көз жұмды. Іс материалдарындағы барлық дәлелдер сот барысында жан-жақты зерделенді. Бұл қылмыстың ауырлығын арттыратын тағы бір жайт – айыпталушы марқұмдардың күйеу баласы болған. Олар оған толықтай сенім артқан», – деді прокурор соттағы жарыссөз кезінде.
Осыны ескере отырып, мемлекеттік айыптаушы соттан Сәрсемәлиевті кінәлі деп танып, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі ең қатаң жазаны тағайындауды сұрады.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
18:42
Непалда жоғалған екі қазақстандық әлі табылмады...
08.10.2026
18:28
Астанада алаяқ футболшыларды Испанияға апарамын...
08.10.2026
17:49
«Костюмдерді басқа фильмдерге таратқан»: Меруе...
08.10.2026
17:43
«Бастықтың кабинетінде қол қойдық»: Меруерт Өт...
08.10.2026
17:40
Орал әуежайында Қазақстанды балағаттаған ресейл...
08.10.2026
17:20
Бектенов Балқашта «Қазақмыстың» 21,8 миллиард т...