Путиннің келіссөздерге отыруының шынайы себебі

Ресей президенті Владимир Путин АҚШ-пен келіссөздерге дайын екенін білдірді, деп хабарлайды POLITICO басылымы.
Сарапшылардың пікірінше, Мәскеудің келіссөздерге бет бұруының басты себебі – Ресей экономикасының әскери шығындарды көтере алмауы.
Соңғы үш жылда Ресейдің бюджет тапшылығы артып, елдің қаржылық қоры айтарлықтай қысқарған. Санкцияларға байланысты халықаралық қарыз алуға мүмкіндігі шектеулі болғандықтан, Кремль алдымен отандық банктерден қарыз алуға мәжбүр болды. Бірақ 2023 жылдың соңына қарай бұл банктердің қаржылық мүмкіндіктері де сарқыла бастады.
Бюджет тапшылығын жабу үшін Ресей Ұлттық әл-ауқат қорына жүгінді. 2022 жылы бұл қорда 110 миллиард доллар болса, үш жылдың ішінде ол 60%-ға қысқарды. Қаржылық сарапшылардың есебінше, осындай шығындар жалғаса берсе, қордағы қаражат үш ай ішінде толық таусылуы мүмкін.
Егер бұл сценарий шындыққа айналса, Кремль экономикалық дағдарысқа тап болып, Ресей қаржы жүйесінде тұрақсыздық басталуы ықтимал. Осы себепті Путин келіссөздер арқылы АҚШ-тың санкциялық қысымын азайтуды, әсіресе сыртқы қарыз тарту мүмкіндігін қалпына келтіруді көздеуі мүмкін.
Сонымен қатар, келіссөздер Мәскеуге әскери шығындарды қысқартуға мүмкіндік беріп, экономиканы қалпына келтіруге жағдай жасайды.
Сарапшылардың пікірінше, Путин үшін келіссөздер – соғысты жеңіспен аяқтау емес, экономикалық құлдыраудан құтылудың амалы.
Соңғы жаңалықтар





