Қадір түніне орай 300-ден аса сотталушы түрмеден босатылады

2025 жылғы 21 наурызда Түркменстан Президенті Сердар Бердымухамедовтің төрағалығымен өткен Министрлер кабинетінің отырысында елдегі бірқатар өзекті мәселелер қаралды. Жиында Қадір түні қарсаңында рақымшылық жасау бастамасы көтеріліп, арнайы комиссия жұмысының нәтижелері жария етілді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Түркменстан Президентінің азаматтық және кешірім беру мәселелері бойынша ұсыныстар даярлау комиссиясының төрағасы, Мемлекеттік қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Б. Гундогдыев өз баяндамасында сотталғандарды кешіру жөніндегі комиссия атқарған жұмыстар туралы мәлімдеді. Президент Сердар Бердымухамедов оның баяндамасын тыңдай келе, 321 азаматты кешіру туралы арнайы Жарлыққа қол қойды.
Мемлекет басшысы рақымшылыққа іліккен азаматтардың тиісті мерзімде босатылуын және олардың отбасыларына уақтылы қайтарылуын қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл жауапты міндет құқық қорғау органдарының басшыларымен бірлесіп іске асырылуы тиіс екенін атап өтті. Сонымен қатар Президент кешірілген азаматтарға ізгі тілегін жолдады.
Соңғы жаңалықтар





