Қайрат Нұртас бостандыққа шықты
6935
Ұшақтағы оқиғадан соң қамауға алынған әнші Қайрат Нұртас бостандыққа шықты. Өнер иесін ата-анасы, достары, тіпті жанкүйерлері қарсы алды. Бұл туралы Politico.kz тілшісі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
«Мен үшін алаңдап, қолдау білдіргендердің барлығына рахмет. Менде барлығы жақсы», – деді Қайрат Нұртас.Әншінің анасы Гүлзира Айдарбекова тілшімізге берген сұхбатында ешкімнің түрмеге түскенін қаламайтынын айтып, барлығына қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді. Айта кетейік, 5 шілде күні танымал әнші ұшақта танысымен жанжалдасып, оның соңы төбелеске ұласты. Қайрат Нұртас ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 15 тәулікке қамалды. Сот шешімімен келіспеген өнер иесі апелляциялық шағым түсірген. Бірақ шешім өзгеріссіз қалды.
Фото: instagram.com/kair_n
Соңғы жаңалықтар
03.10.2026
17:19
Түнде Астанада әскери техника қаптады: Билік се...
03.10.2026
16:01
Дубай–Тель-Авив рейсіндегі төтенше жағдай: Екін...
03.10.2026
15:05
Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі үш жоғары лауа...
03.10.2026
14:17
Қызылорда облысында 500-ден астам мұғалімнің же...
03.10.2026
13:16
Түрмеде отырып 4 млн теңге жымқырған: Қазақстан...
03.10.2026
12:21
Қарызын сұрағаннан кейін үйіне мылтықпен барған...