«Қайрат ренжіп, бармай қойды»: әншінің ата-анасы Қытайда ән шырқап жүр
1804
Продюсер Гүлзира Айдарбекова Қытай елінің тойын көрсетіп, 18 жыл бұрынғы оқиғаны есіне алды.
Бұл ретте ол көрші елде күйеуі Нұртас Айдарбековпен бірге өнер көрсетіп жүр.
Қытай еліндегі қандастардың тойындамыз. Қайраттың 18 жасынан бастап, Қытай елінің Тарбағатай, Алтай, Үрімші... жалпы 17 қаласына 13 жыл қатар концерт берген кездері еске түсті. Продюсер болғандықтан жауапкершілікті мойныма алып, өзім жүретінмін. Сахнаға шығарып, арасында үстіме шапан жауып, малын сойып, қонақ ететін. Халық Қайратты қатты сағынғандарын, күтумен жүргендерін жеткізіп әлек. Оған қоса, өзімді де әбден сағынғандарын сезіндім. Көз көрген деген осы шығар, ұзақ уақыт күткендей қарсы алды. Қаны қазақ, тілі қазақ қандастарға алғысым шексіз, – деп жазды продюсер.Сондай-ақ анасы Қайрат Нұртастың не үшін Қытайға ат ізін салмай жүргенін айтып берді.
Қайраттың ренжіп кетіп, қайта бармай қойғанын бәрі естіп алыпты. Оған енді бәрі кінәлі емес. Бір құмалақтың бір қарын майды қай жерде де шірітетіні анық. Сондай адамға тап болғаны болмаса, сол жағдайды әнмен жеткізіп жатыр. Не де болса, Қайратты қатты күтіп жүргендері анық, – деді Гүлзира Үсенқызы.
Соңғы жаңалықтар
27.09.2026
18:02
Тоқаев Әскери реформа жоспарын әзірлеуді тапсырды
27.09.2026
17:04
24 жыл күткен алтын: Қазақстандық семсерлесушіл...
27.09.2026
16:13
«Никита өзін өзі құтқарды»: Каспийдегі қайғылы ...
27.09.2026
15:14
«Командир мас күйінде болған»: Каспийдегі қайғы...
27.09.2026
14:26
Тоқаев жаңа Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов...
27.09.2026
13:38
«Менің күйеуім кінәлі емес»: 14 сарбаздың қазас...