«Қалай артық салмақтан арылды?»: Ләйлә Сұлтанқызы ұлдарының өзгерісінің басты себебін атады

06.01.2026 17:29 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
«Қалай артық салмақтан арылды?»: Ләйлә Сұлтанқызы ұлдарының өзгерісінің басты себебін атады
0
197
Коллаж: Politico.kz

Танымал тележүргізуші, журналист Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желіде ұлдарымен түскен екі суретті жариялап, көпшіліктің қызығушылығын тудырды, деп хабарлайды Politico.kz

Кадрлар арасындағы айырмашылық — екі жыл. Ал өзгеріс бірден көзге түседі. Журналист бұл нәтижеге қандай жолмен жеткендерін қысқаша ғана түсіндіріп өтті.

«Екі суреттің арасы — 2 жыл.
Ақыл айту — не мое, аулақпын. Бірақ екеуіне де көмектескен бір-ақ нәрсе бар — дисциплина»
, — деп жазды ол.

Желі қолданушылары бұл өзгеріске таңданысын жасырмай, тележүргізушіден салмақ тастаудың сырын сұрап жатыр. Пікірлерде:

«Болашақта осындай фото жасағым келеді», «Бізде керісінше, не жесе де ет жинамайды», «Қалай салмақ тастады, бөлісесіз бе?» деген сауалдар жиі кездеседі.

Көпшілік Ләйлә Сұлтанқызының жазбасын мотивация ретінде қабылдап, тәртіп пен тұрақтылықтың маңызын атап өтті. Журналист болса, ешқандай қатаң диета немесе мәжбүрлеу емес, жүйелі өмір салтының нәтижесін көрсеткендей.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий