Қанша өміріңіздің қалғанын ауыз қуысы мен бет терісі айтып береді
696
Жаңа зерттеуге сәйкес қанша уақыт өміріңіздің қалғанын ауыз қуысынан алынған жағынды арқылы білуге болады. Бұл туралы Dailystar порталында жарияланды.
Ғалымдардың айтуынша, бұл жаңалық пациенттің аузынан табылған жасушаларды пайдаланып өлу қаупін бағалауға мүмкіндік береді.Адамдар әртүрлі қарқынмен қартаяды, бірақ өмір салтының бірнеше факторлары, соның ішінде стресс, темекі шегу, алкоголь, нашар ұйқы және дұрыс тамақтанбау бұл процесті тездететіні белгілі.
Ғалымдар эпигеномды сипаттау арқылы молекулалық қартаюды сандық түрде анықтауға болатынын айтады.
Frontiers in Aging журналында жарияланған зерттеуге сәйкес, басқа тіннің эпигенетикалық деректері пайдаланылса да бет терісінің өлім қаупін болжай алатын мүмкіндігі барын айтады.
Зерттеушілер өліммен тығыз байланысты метилдену орындарын егжей-тегжейлі зерттеді. Осы учаскелердің айналасында немесе жанында орналасқан гендер өмір сүру ұзақтығына немесе жасқа байланысты аурулардың даму қаупіне әсер етуі мүмкін екені анықталған.
Соңғы жаңалықтар
05.10.2026
23:11
Өскемендегі дәмханалардың бірінде полиция қызме...
05.10.2026
21:57
«Барыс» буллит сериясында «Спартакты» жеңіп, мә...
05.10.2026
21:33
"Бөтен еркектің ұрығын салған". Ерлі-зайыпты кл...
05.10.2026
21:18
Асхат Тарғын: Әншілерді сахна немесе тойдікі де...
05.10.2026
21:09
Chevron компаниясы жаңа жылдан бастап басшылық ...
05.10.2026
20:57
Роза Әлқожа: Еркектер жағдайы жақсарса, неге бі...