Екінші мүмкіндік: Қаңтардағы ЕНТ туралы маңызды ақпараттар

Екінші мүмкіндік: Қаңтардағы ЕНТ туралы маңызды ақпараттар
17.12.2024 18:15
0
14208
Қаңтардағы ЕНТ қатысушыларына жаңа ережелер

2024 жылдың 20 желтоқсанынан бастап қаңтар айындағы Ұлттық біріңғай тестілеуге (ЕНТ) тіркелу басталады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Тіркелу 30 желтоқсанға дейін жалғасады. Бұл тестілеуге қатысуға ниет білдірушілер тіркелуді Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы немесе UTO мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асыра алады. Тестілеу 10 қаңтардан 10 ақпанға дейін өтеді.

Министрлік мәліметі бойынша, қаңтардағы ЕНТ-ға тек қана жазғы тестілеуде шекті балл жинай алмаған және жоғары оқу орнына шартты түрде, ақылы негізде қабылданған тұлғалар қатыса алады. Сонымен қатар, осы тестілеуге шығармашылық мамандықтардан басқа мамандықтарға ауысқысы келетіндер мен педагогикалық мамандықтарға ауысқысы келетіндер қатыса алады. Оқушы бола отырып, жоғары оқу орнына ақылы негізде қабылдануға тілек білдірген мектеп түлектері де қатысуға мүмкіндік алады.

ЕНТ-де жалпы үш міндетті және екі профильді пән болады. Тестілеу ұзақтығы – 4 сағат (240 минут). Қорытынды балл саны өзгеріссіз қалды – 140 балл. Сонымен қатар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға 40 минуттық қосымша уақыт беріледі.

ЕНТ-ға дайындықты жақсарту мақсатында арнайы тесттер іске қосылды. Ұлттық тестілеу орталығының сайтында оқушыларға арналған әдебиеттер тізімі мен тест жоспары жарияланды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или