"Қартайып кеткен, танымай қалдық": Ұлықпан Жолдасовтың суреті желіні шулатты

"Қартайып кеткен, танымай қалдық": Ұлықпан Жолдасовтың суреті желіні шулатты
Фото: әлеуметтік желі

Әнші, продюсер Ұлықпан Жолдасов әнші Мейрамбек Бесбаевтың 50 жылдық мерейтойына қатысып, ел назарына ілікті, деп хабарлайды Politico.kz caravan.kz сайтына сілтеп.

Бұрын «Каспий» тобының құрамында өнер көрсеткен сазгер бүгінде сахнаға сирек шығады. Кеште түсірілген суреттерді әнші Мөлдір Әуелбекова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, «Ән ағам, жан ағам! 50 жас! Құтты, берекелі, қайырлы жас болсын!» деп жазба қалдырған.

Көптен бері көпшілік алдында көрінбеген өнер иесінің бүгінгі келбеті желі қолданушыларының қызу талқысына түсті. Оқырмандар сазгердің қартайып кеткенін жарыса жазып, «Ұлықпан ағам қартайып кетіпті ғой, 100 жасаңыз», «Қайда тұр, бар ма фотода?» деп таңданыстарын білдірді.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу