"Зәкеңнің 50 жасы көзіме елестеді": Мақпал Жүнісова марқұм жолдасына айнымай ұқсайтын азаматты көрсетті
Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова марқұм жолдасы, белгілі саясаткер әрі мемлекет қайраткері Заманбек Нұрқаділовке қатты ұқсайтын ер адамды кездестіріп, толқып кеткенін жеткізді, деп хабарлайды Politico.kz.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында Аман есімді азаматпен түскен естелік суретін бөлісті. Әншінің айтуынша, оның сырт келбеті марқұм жарының 50 жастағы шағын еске салған:
«Зәкеңе ұқсайтын Аман бауырыммен кездесіп қалдық. Зәкеңнің 50 жасы көзіме елестеп кетті», — деп жазды Мақпал Жүнісова.
Айта кетейік, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділов кезінде Алматы қаласының әкімі қызметін атқарып, еліміздің саяси өмірінде айрықша із қалдырды. Ол 2005 жылдың қарашасында өмірден өткен болатын.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
11.11.2026
16:27
"Зәкеңнің 50 жасы көзіме елестеді": Мақпал Жүні...
11.11.2026
16:19
«Желтоқсандықтар – топас әрі ауылдықтар»: Қазақ...
11.11.2026
15:48
Маңғыстау облысы әкімінің экс-орынбасары өмірде...
11.11.2026
14:48
Астанада интернет арқылы таныстық қыздың өлімім...
11.11.2026
13:01
"Ақшаң көп болса, денсаулыққа зиян": Жазира Бай...
11.11.2026
12:41
Алматы әуежайы жұмысшының өліміне қатысты не де...