Қашаған газ зауытының құрылысында жаңа серпіліс күтілуде
Атырау облысында қуаты 1 млрд текше метр болатын Қашаған газын өңдеу зауытының бас мердігері KAZAKH CONSTRUCTION GROUP (KCG) компаниясының жаңа меншік иесі белгілі болды. Енді компанияның жалғыз иесі Мұталіп Шахмұрат. Сонымен қатар, ол "Integra Construction KZ" ЖШС-нің бақылау кеңесінің төрағасы және бенефициарлық иесі болып табылады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Ашық деректерге сүйенсек, "Integra Construction KZ" түрлі салалардағы ірі өнеркәсіптік нысандардың құрылысын және жөндеу жұмыстарын жүзеге асырады. Сондай-ақ, теміржол құрылысы мен жөндеу қызметтерін ұсынады. Бұған дейін бұл компания Атырау облысындағы Karabatan Utility Solutions су дайындау жобасын жүзеге асыру үшін жауапты болған.
Біздің дереккөздеріміздің мәліметінше, жақында KCG компаниясының акционерлері толықтай ауысып, енді оны "Integra Construction KZ" толығымен иелік етеді. Алайда, KCG компаниясының бірнеше миллиард теңге көлеміндегі қарызы бар екені белгілі болды. Бұл қарыздар биылғы тамыз айынан бастап субмердігерлерге төленбей келеді.