Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әуежайында Оман Сұлтанын қарсы алды

05.10.2026 • 19:23 Қанат АЙБАР
Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әуежайында Оман Сұлтанын қарсы алды
107
Фото: Aqorda

Әуежайдың келу залында екі ел басшыларының қысқаша әңгімелесуі өтті. Мемлекет басшысы Оман Сұлтанының сапарын құптап, бұл сапардың екіжақты қарым-қатынасты дамытудағы тарихи маңызын атап өтті, деп хабарлайды Politico.kz.

— Оман  экономикалық дамуда елеулі нәтижелерге қол жеткізген, сондай-ақ халықаралық делдал ретінде өте белсенді әрі сындарлы рөл атқаратын табысты мемлекет ретінде танымал. Сіздің еліңіз өз өңірінде ғана емес, одан тыс жерлерде де, оның ішінде Қазақстанда да лайықты беделге ие. Елдеріміз арасындағы әріптестіктің әлеуеті зор екеніне сенімдімін, біз оны толық ашып, тиімді іске асыруымыз керек, — деді Қазақстан Президенті.

Өз кезегінде Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саид Қасым-Жомарт Тоқаевқа ыстық ықыласы үшін алғыс білдіріп, алдағы келіссөздердің мазмұнды әрі табысты өтетініне сенім білдірді.

Войдите, чтобы оставить комментарий