"Қасында жұбайы отыр": Бекболат Тілеуханның жас қызға телмірген видеосы тарады

17.02.2026 11:14 Мөлдір Талғат
188
Фото: видеодан скриншот

Желіде Бекболат Тілеуханның той үстінде отырған видеосы қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.

Әлеуметтік желіде тараған кадрларда экс-депутаттың тойда ән айтып тұрған жас орындаушыға қарап отырған сәті түсірілген. Видео авторы бұл көрініске өзіндік баға беріп, «Тана көзін сүзбесе, бұқа жібін үзбейді. Жас қызға телмірген Бекболат Тілеуханның әрекетін жұрт сынап тастады» деп жазба қалдырған.

Алайда желі қолданушылары бұл пікірмен толықтай келісе қойған жоқ. Көпшілік видеоға қатысты әртүрлі көзқарас білдіріп, жағдайды асыра бағаламауға шақырды. Бірі «Тыңдамай далаға қарап отырса, Бекболат әншіні менсінбей отыр деп тағы айтпаңдар» десе, енді бірі «Бұл жерде Тана қарап тұрған жоқ, бұқа қарап отыр» деп жазған.

Сондай-ақ «Неге басқа еркектер қарап отыр, оны айтпайсыңдар?», «Ән айтып тұрған адамға қарамағанда, аспанға қарай ма?» деген пікірлер де көп болды. Кей қолданушылар әнші қыздың кәсіби өнер көрсетіп тұрғанын алға тартып, «Бұл – Айзат Қарабаева деген астаналық әнші. Бекболатпен әріптес болған, бір-бірін таниды», «Қыздың орындауы да, дауысы да керемет» деп қорғап шықты.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий