"Қатты өзгерген, түк жараспайды": Ләйлә Сұлтанқызын көпшілік танымай қалды
Белгілі тележүргізуші әрі блогер Ләйлә Сұлтанқызы адам танымастай өзгеріп, әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Politico.kz.
Ол парақшасына жаңа образдағы суреттерін жариялап, оқырмандарына ерекше жазба арнады.
Тележүргізуші өзгерісінің сыры «аскеза» тәсілінде екенін айтты. Оның сөзінше, бұл – өз-өзіңмен келісім жасап, белгілі бір уақытқа нақты шектеу қою арқылы мақсатқа жетудің жолы.
«Мен неге осындаймын? Бұл пост – сила волиі әлсіздерге. “Сенің аскезаң қандай? Неден аскеза?” Шынымды айтсам, бұл тәсіл өзін жеңу қиын адамдарға жақсы көмектеседі. Мысалы, мен біраз уақыттан бері тәтті жемеймін, кола ішпеймін, жүремін, жаман ойды жақсыға айналдырамын, бір уақытта ұйықтаймын. Оны жай ЗОЖ емес, арманға негіздеп қойдым: 10 күн, 2 жұма не 1 ай. Өзіммен келісімшартқа отырғандай…» – деп жазды ол.
Ләйлә Сұлтанқызы санасына «бұзсам, ниетім орындалмайды» деген ой орнатқанын айтады. Оның айтуынша, бұл тәсіл «стоп» механизмі секілді әсер етеді.
«Нәтиже? Салмақ кетті, бет тазарды. Ұйқым дұрысталды. Ең бастысы, өзіме сенім пайда болды. Байқап көріңізші. Ал сізде қандай аскеза болды? Айтпақшы, темекі тартатын таныс жігіт те осылайша тастап кетті», – деді тележүргізуші.
Желі қолданушылары блогердің өзгерісін жоғары бағалап, ерік-жігер мен өзін-өзі дамыту тақырыбындағы жазбасына белсенді түрде пікір қалдыруда.
Соңғы жаңалықтар