"Қатты таралып кетті". Мақпал Жүнісова "ағылшынша" әні туралы айтты

22.01.2025 14:01
0
55
ашық дереккөз

Әнші Мақпал Жүнісова желіде тарап кеткен жасанды интеллект арқылы жасалған, "ағылшын тілінде орындалған әнге" қатысты пікір білдірді. Әнші дауысын пайдаланып, видео жасап, желіде таратқандарға ескерту жасады.

Желіде Розе мен Бруно Марстың орындауындағы "АРТ" хиті жасанды интеллект көмегімен Мақпал Жүнісованың дауысында орындалды. Аталмыш видео әлеуметтік желіде тез таралды. "Ел арна" телеарнасына берген сұқбатында әнші Мақпал Жүнісова бұл видеоға көңілі толмағанын айтты.

"Бәрі таратып жатыр, бірақ маған ұнамайды бұл. Ауылды туған қазақтың қызымын ғой. Бұлар заңды бұзып отыр. Менің орындамаған әндерімді мен орындады деп отыр. Қазір қатты таратып жатыр. Мен ағылшынша орындамағаннан кейін ұрлықшы сияқты болып тұрмын. Өзімді кінәлі сезініп тұрмын. Сосын маған жараспайды екен мұндай. Өзім қазақтың иісі аңқыған қызбын ғой, қазақ тілінде ғана жақсы орындай аламын деп айта аламын", - дейді.

Әнші аты мен дауысын пайдаланғандарға да қатысты пікір білдірді.

"Жасанды интеллектпен жасайды екен. Мен бұған қарсымын, олардың бәрімен соттасып жүретін уақытым жоқ. Негізі олар заңды бұзып отыр", - деп ескертті әнші. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или