Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова Жаңа жылды бірге қарсы алды
Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа жыл мерекесіндегі отбасылық видеосын жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.
Актриса Жаңа жылды отбасымен Бурабайда өткізгенін көруге болады. Кадрларда Қайрат Нұртас та көзге түсіп қалды.
«Балаларыма: Сен Жаратқанның Сүйікті Жаратылысысың. Ештеңеге қызықпа, ешкіммен өзіңді салыстырма. Барға шүкір, жоққа қанағат. Өткен жылға ризашылықпен қарап, келер жылға жаңа жоспар құрайық», - деді актриса.
Сондай-ақ ол жаңа жылқы жылы еліміз үшін де жайлы жыл болатынын жеткізді.
«Жылқы жылы біздің ел үшін берекелі болары хақ. Себебі қазақтың мінезі де сәйгүлік сипатты, ұлт үшін киелі жануар. Қашанда тек жақсылыққа, молшылыққа жорылған жыл. Біз қолдан келгенше қолдауға, қорғауға тырысамыз. Ал таңдау тек өздеріңде екенін білгейсіңдер», - деп жазды актриса желідегі парақшасында.
Желі қолданушылары жұлдызды жұпқа бақыт тіледі.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
15.11.2026
10:17
Балалар арбасымен автобусқа мінуге тыйым салынд...
15.11.2026
09:24
Шымкентке ұшқан ұшақ Түркістанға қонуға мәжбүр ...
14.11.2026
17:13
Тоқаев әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның қата...
14.11.2026
16:28
Ақтаудағы түрмеде шу шықты: Бейнебақылау камера...
14.11.2026
15:26
Жүргізушісі есінен танып қалған: Теміртауда жол...
14.11.2026
14:19
2023 жылы із-түзсіз кеткен ер адамға не болғаны...