Қайрат Нұртастың әйелі үш айлық баласын тастап, шетелге жалғыз кетіп қалған

06.11.2025 10:50 Әсел Мұрат
Қайрат Нұртастың әйелі үш айлық баласын тастап, шетелге жалғыз кетіп қалған
0
292

Қайрат Нұртастың әйелі танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова үш айлық баласын тастап, Жапонияға кету себебін айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Айтуынша, ол біліктілігін көтермек. Желіде оқырмандары актрисадан Жапонияға неге кеткенін, үш айға әлі толмаған Рабия Сұлтанға кім қарап қалғанын сұрады. 

Өнер иесі оқырмандарын толғантқан сұрақтарға жауап берді.

«Жапонияға сапарым іс-сапар болды. Мамандығым – арт-менеджмент продюссерлік бойынша біліктілікті көтеру үшін бардым», – деді актриса.  

Әбдікәрімованың айтуынша, Жапонияға ғылыми-тағлымдамалық бағдарламалармен танысуға, тәжірибе алмасуға және жергілікті университеттерді көруге барған. Ол Жапонияның Цукуба қаласында жүр.

Актриса бала-шағасы қараусыз қалмағанын айтты.  

«Шүкір, балалар қараулы. Рабия Сұлтанға менің үлкен әпкем Мәрзия келді. Сол кісі қарап жатыр. Қалған балалары каникул аяқталған соң, Алматыдан Астанаға барған. Үлкені – Сезім Англияға кетті», – деді актриса.  
 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий