Қайрат Сатыбалдының «Байсат» базары екінші рет сатылмай қалды

18.11.2025 15:35 Арман Ермеков
Қайрат Сатыбалдының «Байсат» базары екінші рет сатылмай қалды
0
155
коллаж Politico.kz

Алматыда орналасқан, бұрын Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған «Байсат» ірі сауда нысаны базары екінші рет өткен аукционда да сатып алушысын таппады. Қайтарылған активтерді басқару компаниясының мәліметінше, жалпы құны 28 миллиард теңгеге бағаланған нысанға қайталама сауда-саттыққа бірде-бір өтінім түспеген, деп хабарлайды Politico.kz порталы Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл Сатыбалдыға тиесілі болған активтерді сатудағы алғашқы сәтсіздік емес. Бұған дейін қайтарылған активтерді басқару компаниясы жалпы бастапқы құны 548 миллион теңгені құрайтын зергерлік бұйымдарды, монеталар мен сағаттарды саудаға шығарған. Алайда, бұл лоттарға деген қызығушылық та өте төмен болып шықты: құны 67 миллион теңгені құрайтын позициялардың бір бөлігі саудаға қойылғанымен, сатып алушыларды тарта алмады.

Еске сала кетейік, 2024 жылы Қайрат Сатыбалды мемлекетке жалпы сомасы 783 миллиард теңгені құрайтын активтер мен сән-салтанат заттарын қайтарған. Олардың қатарында автокөліктер, жылжымайтын мүлік, бизнес-орталықтар, бағалы тастар, сағаттар және коллекциялық монеталар бар.

Қайтарылған активтерді басқару компаниясы «Байсат» базары бойынша келесі аукционның өтетін күнін басқарманың ресми ресурстары мен ашық сауда алаңында қосымша жариялайтынын мәлімдеді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий