«Қайраттың екінші отбасы бар»: Жұлдыз Әбдікәрімова 2025 жылдың ауыр болғанын айтты
Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова Жаңа жыл мерекесіне орай отбасылық ерекше құттықтау жолдады, деп хабарлайды Politico.kz.
Алайда оның бейнеқұттықтауынан жұбайы Қайрат Нұртастың көрінбеуі бірден желі қолданушыларының назарын аударды.
Жұлдыз 2025 жыл тар жол тайғақ кештіргенін айтып, өз тілегін жеткізді.
«Өзгесін еңбек пен талпыныс бере жатар. Бастысы елімізде тыныштық болсын, Патшамыздан пейіл кетпесін», — деп жазды ол видеосының астына.
Бұған желі қолданушылары түрлі пікір жазды. Көпшілігі «Қайрат қайда?» деген сұрақ қойса, кейбір желі қолданушылары өз болжамдарын жазып жатты.
«Жан жары болса қастарында болмай ма? Отбасылы әншілерді көріп жүрміз ғой, отбасының қасында, бір үйде тұрады. Қайраттың 2-ші отбасы бар», «Қайрат халқын таңдады», «Көңілі қалған ғой», «2-ші семьясы мамасы шығар», «Екінші семьясы болса Жұлдыз Қайраттан тумас еді», - деп жазды желі қолданушылары.
Соңғы жаңалықтар