«Қайсар Қамза ізімен»: Онлайн казино ісі бойынша тағы бір блогерге іздеу салынды

07.08.2026 12:03 Әсел МҰРАТ
«Қайсар Қамза ізімен»: Онлайн казино ісі бойынша тағы бір блогерге іздеу салынды
83
Фото: polisia.kz

26 жастағы блогер Махмуд Хикматовқа «Pin Up» онлайн-казиносына қатысты қылмыстық іс аясында үш ай бұрын іздеу жарияланған, деп хабарлайды Politico.kz.

Kozachkov.offside Telegram арнасының мәліметінше, ол тыйым салынған онлайн-казиноға ойыншыларды тарту ісінде маңызды рөл атқарды деген күдікке ілінген.

Дереккөздің хабарлауынша, «Pin Up» онлайн-казиносы әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы танымал тұлғалардың қатысуымен белсенді түрде жарнамаланған. Олардың қатарында Қайсар Қамза да болғаны айтылады. Сондай-ақ Махмуд Хикматовтың сол адамдармен байланысы болуы мүмкін деген болжам бар. Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ. Қазіргі уақытта Хикматовтың Қазақстан аумағында емес екені белгілі.

Махмуд Хикматов кеңінен танымал блогер болмаса да, табыс табу мақсатында pop-MMA турнирлеріне қатысқан. Ол кәсіби мансабында үш жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.

Бұған дейін блогер денесіне жарнамалық татуировка салдыру үшін 30 миллион теңге сұрайтынын мәлімдеген. Оның айтуынша, ақшаға салынған татуировканы өмір бойы өшірмейтінін айтқан. Бұл ұсынысқа келіскен жарнама берушілер де болған. 

Еске салайық, осы шулы іс бойынша кеше ғана тағы бір фигурант блогер Қайсар Қамза Вьетнамнан Қазақстанға экстрадицияланған болатын. Елге жеткізілген ол бірден Астана қаласындағы тергеу изоляторына қамауға алынды.

Войдите, чтобы оставить комментарий