"Қаза тапқандар бар". 35 жастағы ер адам мектепке шабуыл жасады

05.02.2025 10:01
0
123
Ашық депеккөзден алынды

Швециядағы білім ордаларының бірінде қайғылы оқиға болды.

"Қанды оқиға 10-ға жуық адамның өмірін қиды. Қазіргі уақытта біз сәйкестендіру бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Өйткені әлі де зардап шеккендердің жалпы саны белгісіз", - делінген жергілікті полиция таратқан хабарламада.

Баспасөз мәслихатында полиция қызметкерлері оқ атқан адамның өлтірілгенін айтты. Ол жалғыз әрекет еткен. Бірақ оның мұндай әрекетке не себепті барғаны белгісіз. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқ жарақаты бар бес адамды тапқанын, бірақ жараланғандардың жасын атамағанын айтты.

Бірқатар швед бұқаралық ақпарат құралдарында қаскөйдің белгісіз 35 жастағы ер адам екендігі туралы хабарламалар пайда болды. Оның атыс қаруын иеленуге рұқсаты болған көрінеді.

Ақпарат madenietportal.kz сайтынан алынды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или