Қазақ балаларын боқтаған ресейлік комментатор айыппұлмен құтылды
1032
Омбыда қазақстандық жас хоккейшілердің намысына тиетін сөз айтқан ресейлік комментатор Михаил Гречанинге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Politico.kz.
Куйбышев аудандық соты Гречанинды ұлттық және аумақтық белгілері бойынша адамдар тобының қадір-қасиетін көпшілік алдында қорлады деп таныды. Сот отырысына шақырылғанымен келмеген комментаторға 10 мың рубль (шамамен 64 мың теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Оқиға биылғы жылдың 5 қаңтарында «Авангард» хоккей академиясында өткен «Сібір» мен «Астана» командалары арасындағы матч кезінде тіркелген болатын. Тікелей эфир барысында телефонмен сөйлескен ол астаналық команда ойыншыларына қатысты дөрекі сөздер айтып, теріс пікір білдірген.
Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Соңғы жаңалықтар
03.10.2026
12:21
Қарызын сұрағаннан кейін үйіне мылтықпен барған...
03.10.2026
12:20
Алматыда 270 ерекше бала оқитын мектеп жабыла м...
03.10.2026
11:18
Ақтауда бала өлімінен кейін балалар хирургі ұст...
03.10.2026
10:10
Атырауда көлік иелерін 1,1 млрд теңгеден астам ...
03.10.2026
09:13
Тікелей эфирдегі ойынның соңы түрмемен аяқталды...
02.10.2026
23:53
Қыран Талапбек: 12 жасымда айына 5 мың доллар т...