“Қазақ деген нөмір үшін”: Астанада шетелдік жүргізуші жазаланды
Астанада патрульдік полиция қызметкерлері мемлекеттік нөмірінің орнына «KAZAK» деген жазуы бар Lexus автокөлігін тоқтатты, деп хабарлайды Politico.kz.
Көлік тізгінінде 45 жастағы шетелдік азамат болған. Полиция қызметкерлері қызмет атқару кезінде аталған көлікті байқап, тексеру жүргізген. Нәтижесінде жүргізушінің көлікті мемлекеттік тіркеу және мемлекеттік нөмірлік белгілерге қойылатын талаптарды бұза отырып басқарғаны анықталды.
«Осы факті бойынша жүргізуші көлік құралдарын пайдалану талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деп хабарлады Астана қаласының полиция департаменті.
Алайда шетелдік азаматқа нақты қандай жаза тағайындалғаны полиция мәлімдемесінде көрсетілмеген. Ал Lexus коммуналдық мамандандырылған автотұраққа қойылды.
Полиция департаменті жүргізушілерді көлікті пайдалану кезінде қолданыстағы заң талаптарын сақтауға шақырды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
26.11.2026
17:19
"Кету - өз шешімім": Рүстем Жүгінісовтің бұрынғ...
26.11.2026
17:16
Алматыда 15-тегі қызға тиіскен таксист ұсталды
26.11.2026
17:10
Қостанай облысында кент әкімі 54 жасында қайтыс...
26.11.2026
16:07
ҰҚК Павлодардың бас санитарлық дәрігеріне қатыс...
26.11.2026
15:57
Жаңа туған қызын байқаусызда басып өлтірген әке...
26.11.2026
15:50
Алматыда бес адамның өмірін қиған өртке әйелдің...