Қазақ өнері қара жамылды: танымал әнші өмірден өтті
Өнер қайраткері, танымал әнші Болат Әбдіахметов дүниеден өтті. Өнер иесі көрерменге «Жалаңаяқ қыз», «Сұлуым» секілді әндерімен кеңінен танылған, деп хабарлайды Politico.kz.
.webp)
Қайғылы хабарды оның жақындары әлеуметтік желідегі парақшаларында жариялады.
«Қазақтың кәсіби өнеріне өзіндік үлесін қосқан, біртуар азамат, кәсіби әнші, өнер қайраткері Болат Әбдіахметовтің дүниеден өтуіне байланысты жарына, бала-шағасына, туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз.Болат Әбдіахметов – Мәскеуде кәсіби білім алып, өнердің биік белестерін бағындырған, қазақ мәдениеті мен өнеріне адал қызмет еткен зиялы азамат еді. Өмірде ақжарқын мінезімен, көргенділігімен, парасат-пайымымен елінің құрметіне бөленген абзал жан болатын», - делінген жазбада.
Болат Әбдіахметов Шығыс Қазақстан облысындағы Шар қаласында дүниеге келген. Ол Мәскеу мемлекеттік музыка училищесінде эстрада және джаз бағытында білім алған.
Өнер жолында Қазақстанмен қатар Өзбекстан, Ресей, Қытай және Таиландта концерттер беріп, тыңдарманға өнерін ұсынды.
Әншінің шығармашылық мұрасында Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған «Жалаңаяқ қыз» әнінің орны ерекше. Бұл туынды Орталық Азиямен қатар Еуропаның бірқатар елдеріндегі тыңдармандар арасында да танымал болды.
Соңғы жаңалықтар