Қазақ зиялыларының балалары неге қазақ тілінде сөйлемейді?

 Қазақ зиялыларының балалары неге қазақ тілінде сөйлемейді?
30.05.2025 09:38
0
252
Фото: anatili.kazgazeta.kz

Көптеген қазақ зиялыларының балалары қазақ тілін білмейді. Бұған не себеп? Бұл сұрақ жазушы Қанат Тасыбековті де көптен бері мазалап жүрген екен, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Бұл туралы пайымын ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Ол былай дейді:

«Менің байқауымша, өткен ғасырда өмір сүрген көптеген атақты қазақ жазушылары, ақындары, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің балалары қазір қазақ тілінде сөйлемейді. Бүгін Facebook парақшамда бір жазба көзіме түсті. Онда қазақтың белгілі ақыны әрі жазушысы, Абайтанудың негізін қалаушы, сондай-ақ Қазақ КСР-інің Мемлекеттік әнұранының авторы Қайым Мұхамедхановтың 1953 жылы Хрущев пен Маленковке жазған хаты жарияланған екен. Ол 1951 жылы ұлттық көзқарасы үшін 25 жылға сотталған. Сол хатында ол өзіне тағылған айыптарға жауап ретінде былай деп жазады: «Жеті балам бар. Үшеуі мектеп жасында, бәрі де орыс мектебінде оқиды. 1948 жылы жазушы Всеволод Иванов біздің үйге қонаққа келген кезде балаларым орыс ақындарының өлеңдерін жатқа айтып берген еді», — дейді Қайым Мұхамедханов.

Жазушы Қанат Тасыбеков бұл жағдайға қатысты өз өмірінен де мысал келтіреді:

«Менің әкем де 1916 жылы туған. Ол сталиндік репрессия кезінде Ақмола облыстық атқару комитетінде жұмыс істеп жүрген жерінен тұтқындалып, Теміртау лагеріне жіберілген. 1953 жылы босап шыққан соң, 1958 жылы Жұмабек Тәшеновтің көмегімен партияға қайта кірді. Әкем қазақ тілін жақсы білетін, тіпті замандастарымен араб әрпімен жазысатын. Бірақ бізге ешқашан "қазақша сөйле" деп айтқан емес. Отбасымызда жеті бала едік, бәріміз де орыс мектебінде оқыдық... Себеп көп қой. Бірақ репрессиядан кейін қалыптасқан қорқыныш, ішкі сенімсіздік бұл мәселеге әсер етпей қоймағаны анық», — дейді жазушы.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий