"Қазақфильм" киностудиясының жері мемлекетке қайтарылады

20.12.2024 11:20
0
57
t.me/informburo_kz
Алматы әкімдігі 5,5 га жерді қайтаруға дайындалып жатыр

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Алматы әкімдігімен бірге "Қазақфильм" киностудиясынан алынған 5,5 гектар жерді қайтару мәселесін талқылауда, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Министр Аида Балаеваның айтуынша, киностудияны жаңғырту жалғасын табады. Сонымен қатар, республикалық маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіш болып саналатын үш ғимаратқа жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.

"Қазақфильмнің" қазіргі жағдайы
Министрдің айтуынша, мемлекеттік тікелей қаржыландырудың болмауына байланысты киностудия қиын жағдайда тұр.
«Президентпен кездесу барысында киностудия басшылығы бірқатар мәселелерді көтерді. Мемлекет басшысы тиісті тапсырмалар берді. Енді кино идеологияға қызмет етуі керек», – деді Балаева.

Қабылданған заңнамалық түзетулерге сәйкес, "Қазақфильм" енді мемлекеттік тапсырыс бойынша фильмдер шығаратын болады және жеке киностудияларға бәсекелестік жасамайды. Ашық байқауларға қатысу міндеті "Кино орталығына" беріледі.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или