«Қазақмыс» Балқаш зауытында 21 мың шаршы метрден астам шатырды жаңартты

«Қазақмыс» Балқаш зауытында 21 мың шаршы метрден астам шатырды жаңартты
Фото: «Қазақмыс» корпорациясы

«Қазақмыс» корпорациясы Балқаш мыс балқыту зауытында өндірістік ғимараттардың шатырын жаңартып жатыр. 2026 жылдың басынан бері 21 633 шаршы метр шатыр жөнделген. Бұл жылдық жоспардың 79,2%-ын құрайды, деп хабарлайды Politico.kz.

Компанияның мәліметінше, биыл жалпы 27 310 шаршы метр шатырды жаңарту жоспарланған. Жұмыстың негізгі бөлігі мыс электролизі цехында жүргізіліп жатыр. Оған 1,14 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған. Бүгінге дейін жоспарланған 12 103,4 шаршы метрдің 9 551,4 шаршы метрі жөнделген.

Атап айтқанда, цехтың негізгі корпусында 2 421 шаршы метр шатыр жаңартылып, металл құрылымдар боялған. Сондай-ақ жарық түсіретін шатыр құрылғысының 752 шаршы метр әйнегі ауыстырылған. Ал бак аралығында 3 624,4 шаршы метр шатыр жөнделіп, жаңа терезелер орнатылған.

Сонымен қатар негізгі корпустың шатыры күрделі жөндеуден өтіп, жаңбыр суын ағызатын жүйе ауыстырылып жатыр. Ескі темірбетон плиталар ғимаратқа түсетін салмақты азайтатын заманауи сэндвич-панельдерге алмастырылуда.

Биыл жоспарланған 3 018 шаршы метр шатырдың 2 754 шаршы метрі монтаждалған. Ал 2027 жылы тағы 3 040 шаршы метр шатырды жаңарту көзделген.

Қазір жөндеу жұмыстарына күн сайын 50–60 маман қатысып жатыр. «Қазақмыстың» хабарлауынша, бұл жұмыстар өндірістік ғимараттардың пайдалану мерзімін ұзартуға және қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу