Атыраулық оқушылар көшеден 300 мың теңге тауып алып, күтпеген қадамға барды

Атыраулық оқушылар көшеден 300 мың теңге тауып алып, күтпеген қадамға барды
Фото: видеодан скрин

Атырауда оқушылар көшеден 300 мың теңгеге жуық ақша тауып алып, полицияға тапсырды, деп хабарлайды Politico.kz.

Атырау қаласындағы Нұрсая ықшам ауданында бір топ оқушы адалдықтың үлгісін көрсетті. Олар көшеден ішінде 300 мың теңгеге жуық ақшасы бар әмиян тауып алып, оны иесіне қайтару үшін полиция қызметкерлеріне тапсырған.

Оқиға патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің кезекті кезекшілігі кезінде болған. Сол сәтте оқушылар полицейлерге жақындап, көшеден әмиян тауып алғанын хабарлаған.

Балалар жоғалған ақшаны өздеріне қалдырмай, заңды иесін табуға көмектесуді жөн көрген.

Полицейлер жедел әрекет етіп, әмиян иесін анықтады. Кейін табылған ақша түгелдей иесіне қайтарылды.

Осылайша, оқушылар қарапайым ғана әрекетімен адалдық пен жауапкершіліктің жасқа қарамайтынын көрсетті. 

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу