"Жүгінісов Мирас па?": Ақбота-Нұр Сейтмағамбет сүйіктісімен түскен суретін жариялап, елді ойландырып қойды

"Жүгінісов Мирас па?": Ақбота-Нұр Сейтмағамбет сүйіктісімен түскен суретін жариялап, елді ойландырып қойды
Фото: видеодан скриншот

Танымал әнші әрі актриса Ақбота-Нұр Сейтмағамбет әлеуметтік желіде жұмбақ жазба жариялап, тыңдармандарының қызығушылығын оятты, деп хабарлайды Politico.kz.

Өнер иесі Instagram парақшасында бейтаныс ер адаммен бірге түскен суретін бөліскен. Алайда фотода жігіттің түрі толық көрінбейді, әнші де оның кім екенін нақтыламаған. Тек суреттің астына:

«Махаббат, JM», — деп қысқаша жазба қалдырған.

Желі қолданушылары бұл екі әріпті бірден танымал әнші Мирас Жүгінісовтің аты-жөнімен байланыстырып, түрлі болжам жасауға кірісті. Оқырмандар «Жүгінісов Мирас деп тұр ма?», «Әнші Мирас емес пе екен?», «Тезірек тауып қойыңдаршы», «Мен білемін, бірақ айтпаймын», «Кім болса да жақсы жігіт болсын», «Бақытты болыңдар» деп жарыса пікір жазуда.

Әзірге Ақбота-Нұр Сейтмағамбет жұмбақ жігіттің кім екенін ресми түрде жариялаған жоқ.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу