«Қазақмыс» қызметкерлеріне жайлы орта жасау үшін 2,44 млрд теңге бөлді

07.07.2026 15:42 Қарақат АСЫЛОВА
«Қазақмыс» қызметкерлеріне жайлы орта жасау үшін 2,44 млрд теңге бөлді
78
Фото: KAZAKHMYS

«Қазақмыс» корпорациясы Жезқазған, Балқаш және өзге де аймақтардағы өндірістік нысандарының әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымын жаңартуға 2,44 млрд теңге бөлді, деп хабарлайды Politico.kz.

Бөлінген қаражат жұмысшылар күнделікті пайдаланатын 80-нен астам нысанды күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізуге жұмсалады. Олардың қатарында жатақханалар, асханалар, медициналық пункттер, зертханалар мен жуынатын бөлмелер бар.

Бағдарлама Жезқазған, Балқаш, Қарағанды және Шатыркөл өндірістік кешендерін толықтай қамтиды. Қазіргі таңда мердігер ұйымдарды тарту, құрылыс материалдарын жеткізу сияқты дайындық жұмыстары аяқталуға жақын.

Мәселен Қ.И. Сәтбаев атындағы Жезқазған тау-кен өндірісі кешенінде 38 ғимаратты жаңарту жоспарланған. Мұндағы байыту фабрикасының медициналық пункті мен әкімшілік-тұрмыстық корпусында жөндеу жұмыстары басталып кетті. Сонымен қатар Балқаш тау-кен өндірісі кешеніне қарасты Саяқ кенішінің асханасында және әкімшілік ғимараттарында құрылыс жүріп жатыр. Ал Нұрқазған кенішінің әкімшілік корпусында да тиісті жөндеу жұмыстары қолға алынған.

Қарағайлы тау-кен кешеніне қарасты Абыз, Қажықонған кеніштері мен Қарағайлы байыту фабрикасында, сондай-ақ Шатыркөл-Жайсаң өндірістік алаңында қажетті ресурстар жинақталып, жөндеуді бастауға дайындық жүруде. Дайындық кезеңі біткен соң қалған нысандардағы жұмыстар бекітілген кесте бойынша кезең-кезеңімен іске қосылады.

Компанияның баяндауынша, жайлы тұрмыстық орта өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, қызметкерлердің денсаулығын сақтаудың және жұмысшы мамандықтарының тартымдылығын арттырудың маңызды факторы ретінде жұмыскерлер үшін заманауи еңбек жағдайын қалыптастыруға тұрақты түрде инвестиция салып келеді.

Войдите, чтобы оставить комментарий