Қазақмыс «Жомарт» кенішіндегі қауіпсіздікке 3 млрд теңгеге жуық инвестиция салды

31.03.2026 10:51 Арман Ермеков
Қазақмыс «Жомарт» кенішіндегі қауіпсіздікке 3 млрд теңгеге жуық инвестиция салды
53
Фото: KAZAKHMYS

«Қазақмыс» корпорациясының басшылығы «Жомарт» кенішіндегі өндіріс барысын тексеріп, жұмысшылардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған жаңа инвестициялық жобаларды пысықтады, деп хабарлайды Politico.kz.

Корпорация басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Саят Бакиров жұмыс сапары барысында тау-кен және кен өндіру жұмыстарының қарқынымен танысты.

Соңғы екі айдың ішінде мұнда шамамен 600 қума метр ашу және 1400-ге жуық дайындау қазба жұмыстары жүргізілген болса, жылдың бірінші жартыжылдығында бұл көрсеткіштер одан әрі артады деп күтілуде.

Өнеркәсіптік қауіпсіздікті күшейту мақсатында кеніштегі аэрогаздық жағдайды бақылауға биылдың өзінде 925 млн теңге қаржы бөлінген. Осы қаражат есебінен жер астындағы өздігінен жүретін техникалар арнайы метан-релелермен жабдықталып жатыр және бұл құрылғылар ауадағы газ мөлшері шектен асқан жағдайда көлік қозғалтқышын автоматты түрде өшіріп тастайды. Қазірдің өзінде осындай жүйемен бес техника қамтамасыз етіліп, тағы он бірі кезекте тұр.

Бұдан бөлек қауіпті аймақтарда энергия жабдығын бұғаттайтын бес стационарлық датчик іске қосылды және алдағы уақытта қосымша жеті құрылғы орнатылмақ. Ал кенішті кешенді дамытуға салынған жалпы көлемі 2,7 млрд теңгеден асатын инвестиция негізінен желдету жүйелерін жақсартуға жұмсалады. Нақтырақ айтқанда, бұл қаражатқа үшінші желдету оқпанын тереңдетіп, жаңа қондырғыларды орнату жоспарланған.

Қазіргі уақытта бірінші және екінші желдету қондырғыларына күрделі жөндеу жүргізіліп, шахтаға қосымша 200 текше метрге дейін таза ауа беру мүмкіндігі жасалды. Жұмысшыларды таза ауамен қамту үшін 156 метр тереңдікке дейін жететін екі жаңа шурф қазылса, болашақта 600 метр тереңдікке ауа тасымалдайтын тағы екі ірі құдық салу көзделіп отыр.

Сонымен қатар корпорация «СоюзГеоМех» серіктестігімен бірлесіп, мамандардың біліктілігін арттыру және геомеханика бойынша заманауи стандарттарды енгізу мәселесін қолға алды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий