Қазақстан 2025 жылғы Қысқы Универсиаданың алғашқы медалін жеңіп алды

Қазақстан 2025 жылғы Қысқы Универсиаданың алғашқы медалін жеңіп алды
14.01.2025 20:29
0
42
ҰОК

Қазақстан құрамасы Италияның Турин қаласында басталған 2025 жылғы Әлемдік Қысқы Универсиадада алғашқы медалін жеңіп алды. 

Алдымен жарысқа шыққан спортшылар фристайл-могул бойынша жарысқа қатысты. Спорттың бұл түрінде қазақстандықтар фаворит ретінде саналады, және олар жанкүйерлерінің үмітін ақтады.

Әйелдер арасындағы жарыста Қазақстаннан екі спортшы финалға шықты. Олар ел туын көтеріп шыққан, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті Аяулым Амренова және жасөспірімдер арасында үш дүркін әлем чемпионы, ҚазАСТ студенті Анастасия Городко.

Ең маңызды жарыста Анастасия еш қатесіз, мінсіз өнер көрсетіп, тамаша техника көрсетті. Нәтижесінде ол 79.79 балл жинап, алтын медаль жеңіп алды.

Айта кетейік, Аяулым соңғы жарыста 70.52 балл жинап, қорытынды есепте 5-орынға ие болды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или