Қазақстан атом державасы бола алады – Kazenergy
Kazenergy қауымдастығы АЭС құрылысына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Politico.kz.
«Қазақстан энергетика секторының одан әрі дамуын айқындайтын маңызды шешімнің табалдырығында тұр. АЭС салу мәселесі ел дамуының маңызды аспектісі болып келеді. АЭС сенімді энергия көзі саналады, жоғары тиімділікке және базалық жүктеме режимінде жұмыс істеу мүмкіндігіне ие, бұл генерация құрылымын әртараптандыруға, бірыңғай энергетикалық жүйенің жұмысын жақсартуға және елдің энергия қауіпсіздігін едәуір нығайтуға көмектеседі», – дейді Kazenergy.
Атом энергетикасын елдің энергия теңгеріміне енгізу қазба көздеріне тәуелділікті төмендетуге және атмосфераға зиянды шығарындыларды азайтуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал етеді және Қазақстанның көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясына сәйкес елдің климаттық тәуекелдерді төмендету жөніндегі күш-жігеріне елеулі әсер етеді, – деп қосты қауымдастық.«Атом энергетикасы – бұл ғылым мен білімнің дамуына ықпал ететін жоғары технологиялық сала. Қазақстан атом энергетикасын дамыту үшін айтарлықтай технологиялық әлеуетке ие. Елде ядролық реакторларды пайдалану тәжірибесі жинақталған, ядролық отынды шығару өндірісі бар, белгілі ғылыми-зерттеу мекемелері жұмыс істейді. Курчатовтағы Ұлттық ядролық орталық пен Алматыдағы ядролық физика институтының ғалымдарының бірегей зерттеулері еліміздің тыс жерлерінде белгілі және оларды атом станцияларын пайдаланатын елдер жоғары бағалайды. Қауіпсіздік тұрғысынан құрылысқа жоспарланған атом электр станциялары қауіпсіздік пен тиімділіктің халықаралық стандарттарына сәйкес келетін 3+ буынды реакторлармен жабдықталады. Бұл реакторлар ең озық технологияларды, соның ішінде пассивті және белсенді қорғаныс жүйелерін пайдаланады. Бұл апат қаупін азайтады және жоғары қауіпсіздіктің кепілі болып саналады. Біздің елімізде толыққанды атом державасы болу үшін барлық алғышарт бар: біз уран өндіру бойынша танылған әлемдік көшбасшымыз, Қазақстанның аз қуатты зерттеу атом реакторларын қауіпсіз пайдалануда табысты тәжірибесі бар, еліміз Халықаралық атом энергиясы жөніндегі агенттігі – МАГАТЭ-нің мүшесі. Сол МАГАТЭ-нің тәуелсіз бағалауы бойынша Қазақстан АЭС құрылысын бастау және одан әрі пайдалану үшін қажетті инфрақұрылымға ие. Қазақстанда АЭС салу энергетикалық тәуелсіздікке және тұрақты дамуға қол жеткізудегі стратегиялық маңызды қадам саналады. Бұл шешім елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтып қана қоймай, адами капиталдың дамуына, ғылым мен өнеркәсіптің дамуына, жаңа жоғары технологиялық кәсіпорындардың құрылуына үлкен серпін береді және экономикаға мультипликативті әсер етеді. Kazenergy қауымдастығы Үкіметтің Қазақстанда атом станциясын салу туралы бастамасын қолдайды», – деп түйіндеді Kazenergy. Фото:depositphotos.com
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар
12.12.2024
13:19
Анас Баққожаев үйсіз жануарларға кастрация жаса...
12.12.2024
13:09
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Федералд...
12.12.2024
13:03
"Аңды да бұлай азаптамайды ғой": Роза Әлқожа ма...
12.12.2024
12:34
Ресейлік «Газпром энергохолдинг» Екібастұздағы ...
12.12.2024
12:16
"Ене жайсыз тұлғаға айналады". Мұхамеджан Тазаб...
12.12.2024
12:09
Алматы әуежайында тұрақ бағасы 1 қаңтардан баст...