«Қазақстан – бар ғұмырым!»: елордада өткен жастар конвентінде қандай іс-шаралар өтті

18.07.2024
12:09
0
108
Астанада «EXPO» алаңында Жаңа адамдар жастар қозғалысының ұйымдастыруымен «Қазақстан – бар ғұмырым!» Бірінші жастар Конвенті өтті, деп хабарлайды Politico.kz.
Ұйымдастырушылардың айтуынша іс-шараға қатысуға 15 мыңнан астам адам өтініш білдірді. Ал конкурстық іріктеу нәтижесіне сәйкес, үміткерлердің жартысы ғана Конвентке билет алды. Нәтижесінде бүгін елордада еліміздің 20 өңірінен келген 7 мыңнан астам қатысушы бір-бірімен танысып, Қазақстандағы ең үздік азаматтық науқандарды таңдау үшін жиналды.
«Конвенттің басты ерекшелігі жаппай таныстықтар болмақ. Берік көлденең байланыстар жасау үшін қатысушыларға достар «майнингіне» арналған бірегей мобильді қосымша және Конвенттің арнайы ішкі валютасы – DOS_coin ұсынылды, оны шараның 15 алаңынан алуға болады. Алынған монеталарды конвент тауарларына, сарапшылардың жеке шеберлік сабақтарына, танымал қазақстандық брендтердің киімдеріне және басқа да бағалы сыйлықтарға айырбастауға болады. Конвент алаңында «ЗНАКОМАТ» челлендждері өтеді. Қатысушылар негізгі экран тікелей эфирін бақылап, өздерін көрсе, жаңа доспен кездесу үшін шұғыл түрде көрсетілген аймаққа жүгіруі керек», – дейді ұйымдастырушылар.Конвенттің басты іс-шарасы «Акционистер жарысы» болды. Жаңа Адамдардың 12 бірегей азаматтық науқаны қатысушылардың дауысы мен бас жүлде – өңірлерде жобаларын дамытуға арналған мақсатты грант үшін жарысатын болады. Жарысқа қатысушылардың арасында заңсыз қоқыс алаңдарымен, бұзақылықпен, дүкендерде мерзімі өткен тауардарды сатумен, әйелдерге көрсетілетін зорлық-зомбылықпен, құмар ойындарға тәуелділікпен, кәмелетке толмағандарға ішімдік сатумен және т.б. күресетін азаматтық науқандар бар. Конвент аумағында күні бойы бірегей мазмұнды және танымал спикерлердің қатысуымен дәрістер өтетін болады. Әркім жанына жақын дүниені таба алады: білім аймағы, ТикТок аймағы, үздіктер, тамақтану, би, streetart, музыка, гик мәдениеті және стиль аймақтары. Спорт сүйер қауымға футбол, күрес, streetball, skateboarding/bmx және workout аймақтары қызық болуы мүмкін. Конвент соңында Ninety One, Dequine, Aikyn, BONAPART және арнайы құпия қонақ өнер көрсететін гала-концерт болады!
«Тұтас халық болып бірге болуды үйрену – өнер. Ал бұл факультет әзірге ешбір университетте жоқ. Бүгін біз бірінші кішкентай тапсырманы орындағымыз келеді – бәрін бір-бірімен таныстыру, осылайша сендердің қарым-қатынастарың және достықтарың басталып, жылдар бойы араларыңды бөлетін кез келген қашықтыққа қарамастан сөйлесуге мүмкіндік береді. Ал біздің бүкіл Қазақстанмен кездесулеріміз жыл сайынғы дәстүр болып, жаңа мерекеге айналғанын қалаймыз», – дейді Жаңа Адамдар көшбасшысы Асель Баденова.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

22.05.2025
12:24
Ресейге баратын қазақстандықтар үшін жаңа талап...

22.05.2025
12:21
"Ұят болса да...": Досымжан Таңатаров жұбайы ту...

22.05.2025
11:25
"Сөйлесіп қойғанмын". Шерзат сотында күмәнді ди...

22.05.2025
11:18
Жамбылда малшы иесінің бар малын құмар ойынға т...

22.05.2025
10:37
Дәрігер масалардың қай қан тобындағы адамдарды ...

22.05.2025
10:10
Жамбыл облысында екі оқушыны көлік қағып кетті