Қазақстан Президенті Таяу Шығыс елдеріне үндеу жолдады
Тоқаев бауырлас елдердің егемендігін қолдайтынын мәлімдеді
2026 жылғы 1 наурызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы, Катар, Бахрейн және Кувейт мемлекеттерінің басшыларына жеке жолдаулар жолдады, деп хабарлайды Politico.kz.
Мемлекет басшысы аталған елдердің халықтарына қолдау білдіріп, күрделі кезеңде Қазақстан халқының атынан ынтымақтастық пен жанашырлық танытатынын жеткізді.
Президент өз үндеулерінде достас әрі бауырлас мемлекеттердің егемендігі мен қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін кез келген әскери әрекеттерді қатаң айыптады. Сонымен қатар Қазақстанның барлық күрделі халықаралық мәселелер мен қарулы қақтығыстарды тек дипломатиялық жолмен шешуді жақтайтынын ерекше атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бауырлас араб елдеріне қолдан келген көмекті көрсетуге дайын екенін білдіріп, олардың жоғары басшыларымен тұрақты жұмыс байланыстарын жалғастыруға үміт артатынын айтты.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.11.2026
17:51
Заңға адалдық – әділетті қоғамның негізі
28.11.2026
17:39
Маңғыстауда екі адамды толқын ашық теңізге алып...
28.11.2026
16:44
Алматыда бес адам қаза тапқан үйді өртеді деген...
28.11.2026
16:18
«Таныстарым бар» деп 7 млн теңге сұраған заңгер...
28.11.2026
15:33
Telegram iPhone иелеріне шұғыл ескерту таратты
28.11.2026
15:06
«Әлі күнге дейін жақсы көремін»: Танымал актерд...