Қазақстан Қысқы Олимпиада ойындарының дайындығына 13,3 миллиард теңге бөлінді
713
Қазақстан XXV Қысқы Олимпиада ойындарының дайындығына мемлекеттік бюджеттен 13,3 миллиард теңге қаржы бөлді. Бұл туралы туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов айтты, деп хабарлайды Politico.kz.
Қысқы Олимпиада ойындары Италияда 2026 жылы 6–22 ақпан аралығында өтеді. Ұлттық команда 10 спорт түрінен 58 медаль үшін таласады. Қазақстанның атынан 35 спортшы қатысуы мүмкін.
«Ойындарға сапалы дайындалу үшін ұлттық қысқы спорт түрлері командалары 178 оқу-жаттығу жиындарын өткізді. Сондай-ақ біздің спортшылар 125 халықаралық жарысқа қатысты. Қаржы көлемінің жалпы сомасы - 13,3 миллиард теңге», — деді Ербол Мырзабосынов үкімет отырысында.
Бөлінген қаражаттар бойынша:
- 585 миллион теңге – федерациялардың қаражаты;
- 5,3 миллиард теңге – республикалық бюджет;
- 6,2 миллиард теңге – жергілікті бюджет;
- 1,2 миллиард теңге – Туризм және спортты қолдау қоры.
Сонымен қатар, спортшыларды дайындау үшін министрлік Германия, Нидерланды, Испания, Словения, Польша, Ресей және Беларусьтен жоғары деңгейлі 13 шетелдік тренер-консультант шақырған.
Соңғы жаңалықтар
14.09.2026
23:42
«Қамқорлық жасайын десем де мүмкіндігім болмады...
14.09.2026
21:25
Шымкент әуежайында сөмкесінен оқ табылған әйелг...
14.09.2026
20:45
Асхат Асылбеков депутаттарға: Журналистің өткір...
14.09.2026
20:34
PSG Academy-ді елге әкеліп, дзюдоны дамытқан Ал...
14.09.2026
20:23
Отбасы өлді деп өртеп жіберген ер адам тірі бол...
14.09.2026
20:16
Алматыда полицейлер есірткіге тәуелді адамдарда...