Қазақстанда бірқатар дәрі-дәрмек енді тегін берілмейді

Қазақстанда бірқатар дәрі-дәрмек енді тегін берілмейді
24.04.2025 13:12
0
88
pixabay.com

Қазақстан азаматтары үшін бірқатар кеңінен қолданылатын дәрілік заттар енді тегін берілмейді. Бұл өзгеріс Кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі (КТМКК) мен Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне де әсер етті, деп хабарлайды POLITICO.KZ  "Параграф" заңгерлік Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2025 жылғы 16 сәуірдегі №38 бұйрығына сәйкес, төменде көрсетілген дәрі-дәрмектер КТМКК тізімінен алынып тасталды және бұдан былай тегін берілмейді:

  • Омепразол (капсула түрінде);

  • Висмута трикалия дицитрат (таблетка);

  • Амоксициллин (таблетка, капсула және суспензия дайындауға арналған ұнтақ);

  • Кларитромицин (таблетка);

  • Метронидазол (таблетка).

Сондай-ақ, МӘМС жүйесінде де бірнеше препараттар тізімнен алынып тасталды. Бұл өзгерістер ересектер мен балаларға бірдей әсер етеді.

Мамандардың айтуынша, мұндай өзгеріс денсаулық сақтау саласындағы шығындарды оңтайландыру мақсатында қабылданған. Алайда кейбір тұрғындар бұл шешімнің аз қамтылған азаматтар мен созылмалы аурумен ауыратын науқастар үшін қолайсыздық тудыруы мүмкін екенін айтуда.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий