Қазақстанда миллиард ұрлап, Ресейге қашқан Балушкинге тиесілі Өскемендегі зауыт 0 теңгеге сатылымға қойылды

02.04.2026 17:51 Арман Ермеков
Қазақстанда миллиард ұрлап, Ресейге қашқан Балушкинге тиесілі Өскемендегі зауыт 0 теңгеге сатылымға қойылды
75
коллаж Politico.kz

Өскеменде мемлекет қаржысын жымқырып қашып кеткен бизнесмен Анатолий Балушкиннің 23,2 млрд теңгеге бағаланатын автозауыты электронды саудаға 0 теңгеден бастап сатылымға қойылды, деп хабарлайды Politico.kz.

Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті саудаға шығарған ірі лоттың қатарына құрылысы аяқталмаған «Азия Авто Қазақстан» зауытынан бөлек жер телімдері мен ғимараттар кіреді. Сауда 7 сәуірге белгіленген.

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың сәуір айында автозауыт салуға бөлінген 230 млрд теңгеден астам қаражатты салық пен несиеден жалтару үшін ұрлаған Анатолий Балушкин мен Ерік Сағымбаев сырттай сотталды.

Сот үкімімен Балушкин 9 жылға, ал Сағымбаев 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылып, екеуіне де 10 жыл бойы коммерциялық ұйымдарды басқаруға тыйым салынды.

Былтыр маусым айында облыстық сот алқасы үкімді күшінде қалдырып, сотталғандардан министрліктің пайдасына 115,98 млрд теңге материалдық шығынды өндіру туралы шешім қабылдады.

Қылмыстық қудалау органдары экс-басшыларды елге қайтаруға әрекет жасағанымен, бұл қадам еш нәтиже бермеді. Оған қоса көрші ел Мәскеу, Санкт-Петербург, Сочи, Новосибирск және Краснодар аумағында орналасқан күдіктілердің жылжымайтын мүлкіне тыйым салуға рұқсат бермеді.

«Ресейдің қауіпсіздігі мен егемендігіне зиян келтіруі мүмкін», – деп Ресей Федерациясының құзыретті органдары Балушкинді ұстап беруден бас тартты.

Қазақстан азаматтығынан айырылып, Ресей төлқұжатын алған Балушкин 2021 жылдың тамыз айынан бері халықаралық іздеуде жүр.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий