Қазақстанда мұнай өңдеу көлемі 10,8%-ға өсті
Ірі зауыттар 6 млн тоннадан астам мұнай өңдеді
Қазақстанда мұнай өңдеу көлемі 10,8%-ға артты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Энергетика министрлігі 2025 жылдың алғашқы төрт айында ірі мұнай өңдеу зауыттарының (МӨЗ) жұмыс қорытындысын шығарды.
Қаңтар-сәуір айлары аралығында еліміздің ірі МӨЗ-дері 6,092 миллион тонна мұнай өңдеген, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,8%-ға артық.
«Өңдеу көлемінің ұлғаюы ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысқа ие мұнай өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру өсімінің басты факторына айналды», – деп атап өтті Энергетика министрлігінде.
Министрлік деректеріне сәйкес, мынадай өсім байқалды:
- автомобиль бензинін өндіру 25,4%-ға артып, 2,082 миллион тоннаны құрады;
- дизель отынын шығару көлемі 18,9%-ға көбейіп, 1,921 миллион тоннаға жетті;
- авиациялық керосин өндірісі 5,3%-ға өсіп, 0,255 миллион тонна болды.
Дереккөз: CMN
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
17.11.2026
22:12
Сотталған журналист Думан Мұхаммедкәрім БҰҰ дең...
17.11.2026
21:19
Павлодарда ер адам автобус жүргізушісін соққыға...
17.11.2026
20:05
«Болашақтың ғылымы туралы әңгіменің құны көк ти...
17.11.2026
19:12
Алматыда жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы қылм...
17.11.2026
18:38
Ресейлік кәсіпкерлер Kaspi.kz арқылы тауар сату...
17.11.2026
18:04
Мектеп әжетханасында 10-дағы баланың зорланғаны...