Қазақстанда пәтерлерді тек банктік аударымы арқылы сатуға міндеттеуі мүмкін

Қазақстанда құрылыс компанияларын пәтерлерді тек қолма-қол ақшасыз сатуға міндеттеуі мүмкін. Бұл туралы вице-премьер, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Министрдің айтуынша, бұл өзгерістер жаңа Салық кодексі аясында қарастырылуда. Бұған дейін құрылыс компанияларына қосылған құн салығы (ҚҚС) 12% мөлшерінде енгізу ұсынылған болатын. Алайда застройщиктер бұған балама ретінде әр шаршы метр үшін 40-60 доллар көлемінде инфрақұрылымдық салық төлеуді ұсынды.
«Бізді салықтан да маңыздырақ мәселе толғандырады – бұл тұрғын үйді сату схемасы. Қазіргі таңда әр тұрғын үй кешені – бөлек ТОО ретінде тіркеледі, ал сатылымдар көбіне жеке кәсіпкерлік арқылы жүргізіледі. Бұл көлеңкелі экономикаға алып келеді. Сондықтан жаңа салықтық өзгерістер аясында біз осы мәселені шешеміз. Құрылыс компаниялары өздері салып, өздері сатуы тиіс және тек қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы. Мұнда салықтан жалтаруға жол берілмеуі керек», – деді Жұманғарин.
Министрдің айтуынша, бұл өзгерістер тұрғын үй бағасының қымбаттауына әкелуі мүмкін. Себебі ҚҚС мөлшерлемесінің артуы құрылысшылардың шығындарын көбейтеді.
Бұл бастама құрылыс нарығына қалай әсер ететіні әзірге белгісіз. Сарапшылардың айтуынша, қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды енгізу тұрғын үй сату процесін заңдастыруға көмектесуі мүмкін, бірақ сонымен қатар, жылжымайтын мүлік бағасының өсуіне алып келуі ықтимал.
Соңғы жаңалықтар





