Қазақстанда теракт туралы жалған хабар таратқан төрт жасөспірім ұсталды
Қазақстанда жалған терроризм хабарламаларын таратты деген күдікпен төрт жасөспірім ұсталды, деп хабарлайды Politico.kz.
Ведомство басшысы Жандос Сүйінбайдың мәліметінше, ұсталғандардың жасы 14 пен 17 аралығында. Олар ұзақ уақыт бойы ел аумағында жалған хабарламалар таратып, қоғамдық тұрақтылықты бұзған.
Тергеу барысында олардың Астана, Шымкент, Тараз, Атырау, Ақтау және Алматы облысында болған 20-дан астам «сваттинг» дерегіне қатысы бары анықталған. Қазіргі уақытта қылмыстық істер бойынша тергеу жалғасып жатыр.
ІІМ өкілі мұндай әрекеттің жай ермек емес екенін атап өтті. Оның сөзінше, жалған терроризм хабарламасы үшін 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Заң бойынша кінәлілерге 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы немесе 5 мың АЕК-ке дейін айыппұл салынуы мүмкін. Сонымен қатар, оқиға орнына шыққан полиция, өрт сөндіру және жедел жәрдем қызметтерінің шығындары да өтеледі.
Соңғы жаңалықтар