Қазақстанда тұрғын үйді бөлу: Тоқаев заңға қол қойды
374
Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заң азаматтардың, қандастардың тұрғын үй жағдайларын жақсартуға қатысты мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіруге бағытталған.
Түзетулердің бірінші блогы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Отбасы банкінің негізінде тұрғын үй кезегіне қоюды, есепке алуды және бөлуді бір орталықтан жүзеге асыратын кешенді даму және қолдау институтын құруды көздейді.
Сонымен қатар Отбасы банкі жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялауды, жеңілдетілген ипотекалық тұрғын үй қарыздарын беруді жалғастырады.
Отбасы банк тұрғын үйді бөлу кезінде баспанаға мұқтаж азаматтарды есепке қою күні мен табыс деңгейін ескереді. Бұл, бірінші кезекте, тұрғын үй кезегінде ұзақ уақыттан бері тұрған адамдарды баспанамен қамтуға мүмкіндік береді.
Түзетулердің екінші блогында тұрғын үйге мұқтаж адамдар үшін қосымша кепілдіктер енгізу қарастырылған.
Түзетулердің үшінші блогы мемлекеттік қолдау шаралары аясында берілген тұрғын үйді иелену және пайдалану тетігін регламенттейтін ережелерді толықтырып, нақтылайды.
Түзетулердің төртінші блогы жер заңнамасының жекелеген ережелерін, құрылыс, жеке тұлғалардың депозиттеріне кепілдік беру саласындағы заңнамаларды жетілдіруге бағытталған. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Соңғы жаңалықтар
05.10.2026
23:11
Өскемендегі дәмханалардың бірінде полиция қызме...
05.10.2026
21:57
«Барыс» буллит сериясында «Спартакты» жеңіп, мә...
05.10.2026
21:33
"Бөтен еркектің ұрығын салған". Ерлі-зайыпты кл...
05.10.2026
21:18
Асхат Тарғын: Әншілерді сахна немесе тойдікі де...
05.10.2026
21:09
Chevron компаниясы жаңа жылдан бастап басшылық ...
05.10.2026
20:57
Роза Әлқожа: Еркектер жағдайы жақсарса, неге бі...