"Қазақстанда жаңа демалыс күні пайда болады": дата аталды
2074
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстандағы жаңа Конституция күні алдағы референдум өтетін 15 наурызға белгіленуі мүмкін екенін айтты. Оның айтуынша, бұл дата алдағы референдум өтетін күнмен сәйкес келуі ықтимал, деп хабарлайды Politico.kz.
Әшімбаев Сенат кулуарында сөйлеген сөзінде мереке Конституцияның күшіне енген күніне емес, қабылданған күніне белгіленуі тиіс екенін атап өтті.
«Қабылданған күн мен күшіне енген күн – екі бөлек ұғым. Өтпелі ережелер жобасында Конституцияның қабылданған күні көрсетілген. Ал ол – 15 наурыз», – деді ол.
Сенат төрағасы түпкілікті шешім референдум нәтижесіне байланысты болатынын жеткізді. Оның сөзінше, егер азаматтар жаңа Конституцияны қолдаса, онда мерекелік күн де 15 наурыз болып бекітілуі мүмкін.
«Азаматтар өз ұстанымына сай дауыс беруге құқылы. Референдум халықтың пікірін білу үшін өткізіледі. Егер қолдаса, бізде жаңа Конституция болады әрі Конституция күні 15 наурыз болып белгіленеді», – деді Мәулен Әшімбаев.
Соңғы жаңалықтар
19.08.2026
13:04
«Әйелге қол көтерген еркек – ер емес»: Бас мүфт...
19.08.2026
12:38
"Қалыңмал бергенбіз": Меркіде көз жұмған 19 жас...
19.08.2026
11:50
Қазақ өнері қара жамылды
19.08.2026
11:27
"Аллаға сансыз мадақтар болсын": Гүлзира Айдарб...
19.08.2026
11:19
Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитов жол апатына...
19.08.2026
11:11
"Бұл еркектерді тежейді": Саясаттанушы зорлық-з...