Қазақстанда жол ережесін жиі бұзатын жүргізушілерге 50% айыппұл жеңілдігін алып тастау ұсынылды

Қазақстанда жол ережесін жиі бұзатын жүргізушілерге 50% айыппұл жеңілдігін алып тастау ұсынылды
13.02.2025 13:18
0
545
inform.kz
50% жеңілдікпен айыппұл төлеп, заңды елемейтіндерге қатаң шаралар қарастырылады

Кейбір жүргізушілерге 50% жеңілдікпен айыппұл төлеу мүмкіндігін алып тастау ұсынылды, деп хабарлайды POLITICO.KZinformburo.kz сайтына сілтеме жасап.

Сенатор Марат Қожаев жол қозғалысы ережелерін жүйелі түрде бұзатын жүргізушілерге қатаң шара қолдану қажеттігін айтты.

Сенатордың сөзінше, қазіргі заңнама қайталанатын заң бұзушылықтарды болдырмауға мүмкіндік бермейді.

"Техникалық бақылау құралдары арқылы тіркелген бұзушылықтар үшін жүргізушіні қайта жауапқа тарту мүмкін емес. Жүйелі түрде ереже бұзатындарға қайта емтихан тапсыру міндеттелмейді. Кейбір жүргізушілер айыппұлды жеңілдікпен төлеп, заңды елемей, жол қозғалысына қауіп төндіреді", – деді Қожаев премьер-министрге жолдаған депутаттық сауалында.

Ол бір жыл ішінде 143 рет жол ережесін бұзған жүргізушіні мысалға келтірді. Бұл жүргізуші жалпы сомасы 3 миллион теңгеден астам айыппұл төлеген. Мұндай жағдайлар көптеп кездеседі.

"Кейбір жүргізушілер үшін айыппұл жеңілдігі заң бұзуға жол беретін құралға айналған. Әсіресе, қымбат көлік мінген жастар жол ережесін қасақана елемей, қала көшелерін қауіпті жарыс алаңына айналдыруда", – деді сенатор.

Қожаевтың айтуынша, басқа елдерде мұндай мәселелермен тиімді күрес жүргізіліп жатыр. Германияда арнайы ұпай жүйесі бар, ал Францияда қайталанатын бұзушылықтар жүргізуші куәлігінің уақытша тоқтатылуына әкеледі.

Сенатор келесі өзгерістерді ұсынды:

  • 10 және одан көп рет жол ережесін бұзған жүргізушілерді қайта емтихан тапсыруға міндеттеу;
  • Камера арқылы тіркелген қайталанатын заң бұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейту, тіпті уақытша жүргізуші куәлігінен айыру;
  • Айыппұл жүйесін қайта қарау және жүйелі түрде ереже бұзатындарға 50% жеңілдікті алып тастау.

Сенатордың бұл бастамасы енді үкімет деңгейінде қаралатын болады.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий