Қазақстандағы ең бай 25 әйелдің тізімі жарияланды

09.04.2026 18:01 Арман Ермеков
Қазақстандағы ең бай 25 әйелдің тізімі жарияланды
590
Қазақстандағы ең бай әйелдердің рейтингі жарияланды|Коллаж Politico.kz

Forbes Kazakhstan басылымы Қазақстандағы ең бай 25 әйелдің тізімін жасап, олардың жалпы дәулеті 8,1 миллиард долларға жеткенін жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.

Биылғы сәуір айында басылым ел экономикасындағы әйелдер капиталының құрылымын көрсететін жаңа рейтингті ұсынды. Тізімге кірген 25 кәсіпкер әйелдің капиталы $8,1 млрд құрайды. Бұл қаражаттың 87% алғашқы бестіктегі адамдарға тиесілі.

Басылымның бағалауы бойынша байлықтың 85-90% аралығы мұрагерлік, неке одағы немесе кәсіпкерлік топтардағы үлестік қатысу арқылы келген. Дегенмен қазіргі уақытта әйелдер тек үлес иесі болып қоймай, кәсіпорындарды тікелей басқарып, жаңа өнімдер шығарып, бизнесті әртүрлі бағытта дамытып жатыр.

Рейтингке енгендердің орташа жасы 54 жасты құрайды. Олардың ішіндегі ең үлкені 77 жастағы Элеонора Баталова болса, ең жастары 34 жастағы Амина Ажмағанбетова мен 33 жастағы Александра Соколова екені белгілі болды. Тізімдегі әйелдердің негізгі активтері шикізат, энергетика, қаржы, жылжымайтын мүлік, бөлшек сауда және ауыл шаруашылығы салаларында шоғырланған.

Ең бай әйелдердің көшін $5,4 млрд капиталымен Динара Құлыбаева бастап тұр. Ол күйеуі Тимур Құлыбаевпен бірге Halyk Bank акцияларына және коммерциялық жылжымайтын мүлік нарығындағы үлкен нысандарға иелік етеді. Екінші орында $650 млнмен Мұхадасқан Ибрагимова орналасса, үшінші сатыға $550 млн дәулеті бар Дариға Назарбаева жайғасқан. Төртінші және бесінші орындарды тиісінше $249 млнмен Анжела Сәрсенова және $207 млнмен Айжан Есім иеленді.

Рейтинг авторлары бұл тізім қатысушылардың активтерін мұқият зерттеу әдісімен жасалғанын хабарлады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий