Қазақстандағы орыс тілінің еркіндігі үшін Путин Тоқаевқа алғыс айтты
2125
Кеше Мәскеуде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей басшысы Владимир Путиннің бұқаралық ақпарат құралдарына бірлескен мәлімдеме жасады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Путин орыс тілі Қазақстанда кеңінен және еркін қолданылатынын атап өтті.
«Қазақстанда орыс тілі кеңінен және еркін қолданылады. Сол үшін Қазақстан президентіне алғыс айтамын», - деді Путин.
Ресей президентінің айтуынша, Қазақстан Конституциясына сәйкес, орыс тілі ресми мәртебеге ие және оны өмірдің түрлі салаларында қолдану республиканың басшылығы тарапынан қолдау тауып отыр.
Ол Ресей үкіметінің қолдауымен алдағы уақытта Қазақстанның оңтүстігінде — Қызылорда, Тараз және Түркістан қалаларында үш орыс тілді мектеп ашылатынын айтты.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...
08.10.2026
18:42
Непалда жоғалған екі қазақстандық әлі табылмады...
08.10.2026
18:28
Астанада алаяқ футболшыларды Испанияға апарамын...