Қыстың соңғы күні Қазақстанды қар мен -41 градус аяз басады
Сенбіге арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Politico.kz.
Қазақстанда қыстың соңғы күні ауа райы құбылмалы болады. Қазгидромет таратқан мәліметке сәйкес, сенбі күні ел аумағының басым бөлігінде жауын-шашын түседі, негізінен қар жауады. Оңтүстік-шығыста түнде қалың қар күтіледі.
Синоптиктердің болжауынша, республика бойынша төменгі боран, тұман және желдің күшеюі болжанады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетсе, оңтүстік-шығыста 25 м/с дейін күшеюі мүмкін. Оңтүстік өңірлерде көктайғақ болады.
Қатты аяз да сақталады. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде түнде ауа температурасы -41°C-қа дейін төмендейді. Қарағанды облысының солтүстік-шығысында -35°C дейін аяз күтіледі.
Бірқатар өңірлерде дауылды ескерту жарияланған. Мамандар алыс жолға шықпауға және қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
26.11.2026
18:55
Судья қандай болуы керек? Ақтау қалалық соты тө...
26.11.2026
18:54
Бүкіл елге танылған «Атыраулық хакерге» сот үкі...
26.11.2026
18:15
Алматыда 12 жастағы қыз есірткі саудасымен айна...
26.11.2026
17:19
"Кету - өз шешімім": Рүстем Жүгінісовтің бұрынғ...
26.11.2026
17:16
Алматыда 15-тегі қызға тиіскен таксист ұсталды
26.11.2026
17:10
Қостанай облысында кент әкімі 54 жасында қайтыс...