Қазақстандық футболшы Дастан Сатпаевтың жаңа клубы белгілі болды
Қазақстан құрамасының 18 жастағы шабуылшысы Дастан Сатпаев 2026/27 маусымын ағылшынның «Бернли» клубында өткізеді, деп хабарлайды Politico.kz.
Клуб қазақстандық футболшыны лондондық «Челсиден» бір маусымға жалға алғанын ресми түрде жариялады.
Келісімде футболшыны сатып алу міндеттемесі немесе опциясы қарастырылмаған. Сатпаев 2027 жылдың жазында «Челсиге» қайта оралуы тиіс.
Бұған дейін қазақстандық шабуылшы «Челсиге» «Қайраттан» ауысып, лондондық клубпен ұзақмерзімді келісімшартқа отырған еді. Қазіргі келісімі 2033 жылға дейін есептелген.
Сатпаев жаңа кезеңге қатысты пікір білдірді. Ол жалға берілуді мансабындағы жаңа тәжірибе деп атап, бұл қадамның оны күшейтетінін айтты.
Осылайша, Дастан Сатпаев алдағы маусымда Англияның екінші деңгейлі чемпионатында тұрақты ойын тәжірибесін жинап, «Челсидің» негізгі құрамына енуге дайындалатын болады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
13.11.2026
23:12
“Қоңырау шалып, қорқытқан”: Алматыда әйелді ұза...
13.11.2026
21:24
Павлодарда 20 қытайлық заңсыз жұмыс істеп жүрге...
13.11.2026
20:50
Ірі шенеуніктер ұсталған соң Тоқаев ҰҚК басшысы...
13.11.2026
20:32
«Бірнеше айдан бері ұрады»: Астанада балабақша ...
13.11.2026
20:21
Ұлытау облысы Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай ...
13.11.2026
19:41
Кувейтте жұмбақ дертке шалдыққан қазақ қызы: СІ...